ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі «Ислам және отбасы» жылы аясында қарттар күніне орай орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ас беріп, өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қарттарды құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі.
Ал Павлодар облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызы өз шәкірттері арасындағы қарт әжелерге арнайы сый сияпаттармен құрмет көрсете ақжарма тілегін айтты.
Әрқайсысы құрмет пен сияпатқа ие болған қариялармен әжелер де өз кезегінде имамдарға, мешіт қызметшілеріне алғыс айтып, ақ баталарын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
01.10.2018
2732
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру