Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет» қоры: 40 отбасыға азық түлік таратылды

ҚМБД «Зекет қорының» баспасөз қызметі 01.10.2018 3393 0 пікір
«Зекет» қоры: 40 отбасыға азық түлік таратылды

ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қоры Алматы қаласында түрлі қайрымдылық іс - шара ұйымдастырып келеді. Бүгінде кезекті шарада  «Зекет» қорына түскен өтініштерден іріктеп көмекке мұқтаж 40 жанұяны  азық-түлікпен қамтамасыз етті.

«EURASIA» және «Сладушка» атты мекемелермен бірге «Зекет» қоры әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға азық-түлік таратып, қордан жәрдем сұраған жанұялардың ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қорына қашанда қолдап көмектесуге ниетті мекемелерге алғыс, отбасына амандық, береке, кәсіптеріне табыс тілейміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру