Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: КӨШПЕЛІ ЖИНАЛЫС ТҮРКСІБ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 01.10.2018 3314 0 пікір
АЛМАТЫ: КӨШПЕЛІ ЖИНАЛЫС ТҮРКСІБ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Жуырда Алматы қаласы, Түрксіб ауданына қарасты «Ынтымақ» мешітінде Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының қатысуымен кезекті көшпелі жиналыс болып өтті. Бұл келелі басқосуға Түрксіб ауданы мешіттерің бас имамдары, наиб имамдары, іс жүргізушілері және азаншылары қатысты. 

Көшпелі жиналыста бас имам Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастасымен атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, дін қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Жиналыс барысында «Фирали» мешітінің бас имамы М.Саттарқұл, «Әр-Рахим» мешітінің наиб имамы Е.Асхат баяндама жасады. Орталық мешіттің бас ұстазы Т.Сапанов аудан мешіттерінің атқарған жұмыстары бойынша сараптамалық баяндамасын оқыды.

Соңынан бас имам Түрксіб ауданының жақсы көрсеткіштеріне оң баға беріп, кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру