Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: НАУРЫЗБАЙ АУДЫНЫНДА «АДАЛ МЕН АБЗАЛ ӨМІР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Наурызбай ауданы баспасөз қызметі 01.10.2018 3280 0 пікір
АЛМАТЫ: НАУРЫЗБАЙ АУДЫНЫНДА «АДАЛ МЕН АБЗАЛ ӨМІР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты «Әбу Бәкір» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Адал мен абзал өмір» атты семинар болып өтті.

Жыл басынан жоспарланған аталмыш шараға «Халал Даму» бөлімінің арнайы мамандары, Алматы қаласы бойынша «Халал Даму» жауапты өкілі Чадаев Маратхан мен сарапшы технолог Омарова Айжан қатысты.  

Наурызбай ауданының Бас имамы Мәди Айдарханұлы, Чадаев Маратхан, сарапшы технолог Омарова Айжан, шараны ұйымдастырушы Наурызбай ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының өкілі Ахметова Маржан баяндамалар жасап, Алматы қаласы бойынша «Халал даму» тарапынан сертификаттандырылған өнімдер мен асханалар жайлы мәлімдеме жасады.

Жамағаттар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру