Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚМОЛА: МҮГЕДЕК АНАҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Ақмола өңірлік баспасөз қызметі 29.09.2018 2995 0 пікір
АҚМОЛА: МҮГЕДЕК АНАҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

«Науан хазірет» мешіті мен жергілікті  «Зекет» қорының өкілдігі қасиетті Құрбан айт мерекесінде «Ел үлесі - пәтерге!» атты  қайырымдылық акциясының қорытындысын шығарып, екі баласы бар жесір анаға екі бөлмелі пәтер берілетінін хабарлаған болатын. Арада аз уақыт өткенде бұл пәтер толықтай жөнделіп,  жиһаз қойылды. Қасиетті жұма күні наиб  мүфти Алау Әділбаевтың қатысуымен үй иесіне пәтер кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.

Бұл көріністен мүфтият өкілі де,  жиналған қауым да ерекше толғанысты жағдайды бастан өткерді. Себебі, елден жиналған қаржыға сатылып алынған пәтер бала жасынан мүгедек, екі бала өсіріп отырған анаға бұйырды. Алау Әділбаев қуанышқа бөленген отбасыға батасын берді. Ал, осы шараға қатысқан Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев дін қызметкерлеріне ризашылық білдіріп,  алғысын айтты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру