Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Солтүстік Қазақстан облысында өз жұмысын бастады. Ең алдымен РАНТ мүшесі Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде имамдармен кездесіп, атқарылатын іс-шаралар жоспарымен танысты. РАНТ мүшесі облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ақшам намазынан кейін арнайы жайылған дастархан басында жастармен кездесіп ілім алу, уақыттың қадірін біліу және Аллаға деген шүкіршілік жайлы уағыз айтты.
Екінші күнгі жоспар бойынша Петропавл қалалық ЕС 164/3 және ЕС 164/1 түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен кездесті. РАНТ мүшесі қаламызда 20-мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген мешітте жұмаға келген жамағатқа «Дұға әдептері» тақырыбында уағызын айтып, насихатын жеткізді.
Жұма намазынан кейін құрметті қонағымыз қала мешітінде жергілікті ақпарат насихат тобынын мүшелерін жұмыстарымен танысып алдағы жұмыс жоспарларды пысықтады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Қызылжар" мешітінің баспасөз қызметі
29.09.2018
3420
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру