Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz  28.09.2018 2948 0 пікір
БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал даму» ЖШС қызметкері, «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы, белгілі исламтанушы-ғалым Бауыржан Әлиұлы Батыс Қазақстан облыстық мешітінде «Дұға әдептері» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. 


«Адам әркез қажеттілікті сезінеді, тіпті қолына кішкене тікен кірсе де соны алғанша Жаратушысынан медет сұрап, дұға тілейді. Өйткені дұға – мұсылманның қорғаны, діннің тірегі, Алла мен құлды байланыстырушы көпір. Бүкіл тіршілік иелері Жаратушыға мұқтаж. Мұсылман адам тек қиналған кезде ғана емес, кеңшілікте де Раббысын ұмытпауы ләзім. Өйткені қиналғанда дұға жасау кез келген құлдың ісі, ал кеңшілікте жасаған дұға –  тақуа құлдың ісі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шарифінде:
«Кімде-кім дұғасынның қиыншылықта, ауыртпалықта қабыл болғанын қаласа, кеңшілікте дұғасын көбейтсін», – деген. Сондықтан, барлық кезде дұға болуымыз керек», – деді Бауыржан Әлиұлы.

Ұстаз Б.Әлиұлы уағыз барысында дұғаның қабыл болу шарттары мен әдептерін де  түсіндіріп өтті.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру