Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ бөлім меңгерушісі «Халифа Алтай» мешітінде (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 28.09.2018 3484 0 пікір
ҚМДБ бөлім меңгерушісі «Халифа Алтай» мешітінде (ФОТО)

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Өскемен аймағы өкілдігінің арнайы шақыруымен келіп, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Жұма уағызын жүргізді.

Сансызбай ұстаз асыл дініміздің терең тағылымдарынан ғибратты насихат айтты. Ол: «Дұға етудің өз әдептері бар. Ең бастысы жүрекпен ниет етуде болып табылады. Ұлы Жаратуыш Алла Тағала шынайы ниетпен, өз әдебімен тіленген тілектердің барлығын қабыл етуші» дей келе, жамағатты тұщымды уағызбен сусындатты.

Басқосуда ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы өткен жылдан бері шығысқазақстандық имамдардың білімін жетілдіруге айырықша назар аударылып, бүгін имамдардың тағы бір легі осындай курсты тәмамдап отырғандығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру