Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ АУЫЛ МОЛДАЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫС ЕТТІ

muftyat.kz 28.09.2018 4020 0 пікір
НАИБ МҮФТИ АУЫЛ МОЛДАЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫС ЕТТІ

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің бастамасымен Көкшетау қаласындағы Жақия қажы мешіті жанында ауыл молдаларына білім беру орталығы ашылған болатын. Енді осы орталықтан алғашқы ауыл молдалары білім алып шықты. Оларға Құран, ақида, фиқһ, жаназа рәсімдері және ислам әдептерінен сабақтар берілді.

Облыс орталығындағы мешіт имамдары мен наиб имамдары, ұстаздар барынша терең білім беруге тырысты. Бұл ретте С.Халықов, Н.Әбенұлы, Қ.Алшынбаев, Н.Мүтәлұлы, Т.Махмұт, А.Құсайынов, Д.Баусалиев сынды ұстаздар ерекше үлес қосты.

Міне, бір ай бойы мешіт жанындағы орталықта жатып білім алған молдаларға наиб мүфти Алау Әділбаев салтанатты түрде сертификаттар табыс етті. Наиб мүфти дін қызметкерлеріне алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру