Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: «Зекет» қорын дамыту және бағыт-бағдар беру» атты оқу семинары өтті

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 26.09.2018 3163 0 пікір
Талдықорған: «Зекет» қорын дамыту және бағыт-бағдар беру» атты оқу семинары өтті

Қыркүйек айының 23-24 күндері Талдықорған өңірінің өкілдігі мен «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Зекет» қорын дамыту және бағыт-бағдар беру» атты оқу семинары болып өтті. Бұл аталмыш семинардың мақсаты – зекетті халық арасында насихаттау, түсіндіру, шариғат талабына сай өтелуін қадағалау. Оқу семинарын ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Өкен Шынарбек, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Жүсіпбеков Жасұлан жүргізді. Әр ауданнан «Зекет қорына» тағайындалған өкілдерге екі күн бойы зекеттің маңызы, хикметі және қордың атқаратын қызметі жайлы дәрістер өтті. Семинардың қорытындысы бойынша өкілдерге сертификаттар мен арнайы куәліктер тапсырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру