Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 26.09.2018 3273 0 пікір
ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ

Алакөл ауданы, Лепсі ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, теология ғылымының докторы Алау Əділбаев пен Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы келді. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен ауыл имамдары келіп, тарихи күннің куəгері болды.

Наиб мүфти Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ыстық сəлемін жеткізіп, арнайы сыйлығын тарту етті. Мешіттің лентасы қиылып, екі бас сəлем намазы оқылды. Келген қонақтарға дастархан жайылып, қонақасы берілді.

Мешітті белгілі кəсіпкер, меценат Бауыржан Кеңесбекұлы өз қаражатына салды. Кәсіпкер Бауыржан Кеңесбекұлы еліміздің әр жерінен спортқа икемі бар жасөспірімдерді жинап, мектеп-интернатта оқыту үстінде. Мешіттің ашылуында қонақта болған наиб муфти Алау Әділбаев болашақ чемпиондармен кездесіп, насихатын айтты.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру