Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Министр кеңесшісі саясаттанушы Айдос Сарым Нұр-Мүбарак университетіне ат басын тіреді

Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 25.09.2018 4382 0 пікір
Министр кеңесшісі саясаттанушы Айдос Сарым Нұр-Мүбарак университетіне ат басын тіреді

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев белгілі саясаттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Айдос Сарымды қабылдады.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Айдос Сарыммен болған кездесуде университеттің жағдайы мен студенттер санының артуына орай туындап жатқан мәселелерге тоқталды. Себебі студенттердің сапалы білім алуы үшін аудиториялар мен жатақхана мәселесінің жеткілікті болуы өзекті түйткілдерден. Осы мәселелерді алға тартқан проректор Қайрат Құрманбаев министр кеңесшісінің уақыт бөліп еліміздегі бірегей ислами оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысқанына алғысын білдірді.

Айдос Сарым да Нұр-Мүбарак университетінің мемлекет дамуында маңызы ерекше екеніне тоқталып, жақында ғана басшылық қызметке тағайындалған проректор, доцент Қайрат Құрманбаевқа сәттілік тіледі. Университеттің жаңа даму белесіне бастау алғанына сенім білдіріп, Нұр-Мүбарак университетінің тек елімізде ғана емес, халықаралық дәрежеде де озық жоғары оқу орнына айналуына тілектестік білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру