Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ДІН ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 22.09.2018 3121 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДА: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ДІН ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен аймақтағы БАҚ саласының қызметкерлеріне «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жария етудегі БАҚ рөлі» тақырыбындағы кездесу өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Махановтың төрағалығымен өткен кездесуде аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қ.Отызбаев қатысып, журналистердің дін туралы ақпарат таратудағы мәселелерді ортаға салды.

Жиында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі атынан қатысқан «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайырбек Тоқтыбайұлы, облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі С.Алдашбаев, «Қызылорда» телеарнасының бас редакторы А.Тұңғышбаева баяндама жасап өз тәжірибе, ойларымен бөлісті.

Басқарма басшысы Т.Маханов тілшілердің ұсыныстарын құптап, алдағы уақытта осындай басқосудың жиі өткізіліп тұратынын жеткізді. Сондай-ақ кездесу соңында аймақта діни тақырыптарды жазатын журналистер пулі қайта құрылып, құрамы таныстырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру