21 қыркүйекте ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арынның төрағалық етуімен Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылықты ұйымдастыру және жүзеге асырудың қорытындысы бойынша отырыс өтті.Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, 2018 жылғы Қажылық маусымының Миссия төрағасы Бауыржан қажы Есмахан, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар қажы Салқынбаев, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығы, «Атамекен» ҰКП, «Scat» және «FlyNas» әуекомпанияларының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ағымдағы жылғы қажылықты қорытындылауға қатысты және келесі 2019 жылға Мекке мен Медина қалаларына қажылықты ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Биылғы Қажылық маусымының қорытындысы бойынша сөз алған Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы:
Өз кезегінде, «Атамекен» ҰКП-ның өкілі туристік фирмалардың биылғы қажылық маусымындағы Миссия жұмысына жоғары баға беріп отырғандығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, отырыс барысында туристік фирмалардың қажыларға қызмет көрсетуінің сапасы талқыланып, мүдделі мемлекеттік органдарға қажылық жұмыстарын үйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
2018 жылы қажылыққа 3000 қазақстандық қажы барды. Қажыларды тасымалдауға Қазақстаннан «SCAT» және Сауд Арабиясы Корольдігінен «Fly Nas» әуекомпаниялары 50/50 үлесі бойынша қатысты.
Вице-министр Берік Арын «Scat» және «Fly Nas» әуекомпанияларына қажыларды тасымалдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, соның ішінде ұшақтардың уақтылы ұшуын қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті екпе егу рәсімдерін жүргізу кезінде қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударды.
Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты органдарға 2019 жылғы қажылыққа баратын қажылардың барлық ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсыныстар берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2018
3337
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру