ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы аймақтағы діни ахуалды бақылау мақсатында қалалық «Айтбай» мешітінде жұма намазын оқып, жамағатпен кездесті.
Қасиетті жұма күні жүз қырық жылдық тарихы бар «Айтбай» мешітіне намаз оқуға келген жамағатқа «Бүліктің қоғамдағы зардабы» тақырыбында уағыз айтылды.
Намаздан кейін жамағатпен сұхбаттасу барысында талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдап, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Бұдан кейін мешітте жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесімен, тыныс-тіршілігімен танысып, мешіттің бас имамы Н.Керімбековке діни сабақтар мен уағыз-насихат жұмыстарының тұрақты өтілуін қадағалауды тапсырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
22.09.2018
3510
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру