Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАРАЗ: «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» ТАҒЫ БІР ЖАНҰЯНЫ ҚУАНТТЫ

asyldin.kz 22.09.2018 3985 1 пікір
ТАРАЗ: «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» ТАҒЫ БІР ЖАНҰЯНЫ ҚУАНТТЫ

Қасиетті жұма күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінде «Харекет» қайырымдылық қорының 1000 теңгеге баспана акциясы аясында мешіт жамағатының ұйымдастыруымен 8 балалы отбасыға баспана кілті табысталды.

Ауданның бас имамы Азизов Рамиз жұма уағызының соныңда құрылғанына бір жыл толған «Харекет» қайырымдылық қорына алғысын жеткізе отырып, қордың негізгі мақсатын айтып өтті. Жамағаттың алдында 8 баланың ата-анасы осындай игі бастаманы ұйымдастырған ауданың бас имамы Азизов Рамизге, мешіт қызметкерлеріне және «Харекет» қайырымдылық қорына алғыстарын жеткізді.

Жұма намазынан кейін  «Харекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен мешіт алдында жәрмеңке болды. Жәрмеңкеден түскен қаражат «Харекет» қайырымдылық қорына аударылады. Сондай-ақ, Шара соңында "Жамбыл Тараз" телеарнасына «Байзақ баба» мешітінің наиб имам сұхбат берді.    

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Саулен Айторе | 23.09.2018 11:01

ӘЛХАМДУЛИЛЛӘҺ! Ұлы РАББЫМЫЗ  Разы болғай! Керемет...! Жаның жай табатын - үлкен амал! Сауабтан Жазғай! Құтты Мекен болғай! Әмин!