Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орны

Ажы ШӘМЕРХАН 22.09.2018 3518 0 пікір
ШҚО: Зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орны

ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкілдігі «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы, теолог, облыстық «Әйел -қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметованың қатысуымен Күршім аудандық орталық мешітте «Зайырлы қоғамдағы діндар әйел тұлғасы» атты аудандық семинар өтті.

Аталмыш шараға Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы А.Қасымбаева, Күршім аудандық Жастар ресрустық орталығының жетекшісі Ш.Дабырбаева, мешіт ұстазы А.Қансейітова қатысты. Семинардың өтуіне орталық мешіттің бас имамы Тілейбек Соянұлының тапсырмасымен наиб имамдары А.Шәмерхан және Ж.Айдархан ұйтқы болған.

Өкілдіктен арнайы келген теолог маман, діндар әйелдің зайырлы қоғамдағы орыны мен отбасындағы атқаратын міндеті, туысқандарымен қарым-қатынасы, ата-енесін сыйлауы қатарлы тақырыптарға тоқталып, асыл дініміздің құндылығы, Ханафи мазхабының артықшылығы, пайғамбарымыздың хадистеріндегі ана туралы мазмұндардың ерекшелігі жайында кеңінен тоқталды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру