Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Түркістан қалалық «Хилует» орталық мешітіне бас имам тағайындалды.
Тарихи мешітке Қасымбеков Жүсіпбек Айдарбекұлы бас имам болып бекітілді.
Түркістан облыстық «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» орталық мешітінің наиб имамы Омар Елеуұлы жұма намазында «Хилует» мешітінің жамағатына жаңа имамды таныстырды.
Өмірдерек:
Қасымбеков Жүсіпбек Айдарбекұлы Түркістан облысы, Төбе ауылында 1979 жылы дүниеге келген.
Білімі: Жоғары: 1999-2003 жж Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Филология» факультетін бітірді.
Мамандығы: Араб филологиясы
2011-2013 жж Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Тарих» факультетін бітірді.
Мамандығы: Дінтану
Білімі: Магистр: 2015-2018 жж Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің магистранты.
Мамандығы: Дінтану
Тіл білуі: Қазақ, араб, түрік және орыс тілдері
Қызмет жолы:
Жұмыс өтілі: 2007-2013 жж Түркітан қаласындағы «Асанбай ата» мешітінде наиб имам;
2013-2014 жылдары орталық «Хилует» мешітінде азаншы;
2014-2018 жылдары аралығында «Иассы» мешітінде имам болып қызмет атқарған.
2014-2017 жылдары ОҚО бойынша өкілдігі, Түркістан қаласы бойынша «Зекет» қорының жетекшісі;
2014-2018 жылдар аралығында Түркістан қаласы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің жетекшісі.
Марапаттары:
- ҚМДБ, Облыстық өкілдіктің «Алғыс хаттары»;
- «Зекет» қорының «Алғыс хаттары»;
- «Жастар ісі» бөлімінің алғыс хаттары;
- Республикалық азаншылар жарысының арнайы «Алғыс хаттары»;
- Түркістан қаласының әкімінің «Алғыс хаттары»;
- Түркістан қалалық Білім бөлімінің арнайы «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
21.09.2018
4196
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру