Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти «Төлебай» мешітінде жұма намазын өткізді

ҚМДБ, Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 21.09.2018 2633 0 пікір
Наиб мүфти «Төлебай» мешітінде жұма намазын өткізді

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласы «Төлебай» мешітінде «Фитнаның зардабы» атты тақырыпта жұма уағызын жүргізді. 

Мешітке келген жұртшылыққа бүлік тудырудың зардабы жөнінде, оның Жаратушы Алла Тағаланың құзырында ауыр күнәлардан екенін, сондай-ақ, бүлікке себепкер болып қалудан бойды аулақ ұстаудың жолдары түсіндірілді.

«Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов мешіт қызметкерлері мен көпшілік жамағат атынан наиб мүфтиге алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру