Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда студенттермен кездесу өтті

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 20.09.2018 3400 0 пікір
Талдықорғанда студенттермен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторы мен Алматы облысы Дін істері басқармасы студенттер арасында ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бірлескен жоспары аясында 19 қыркүйек күні Талдықорған қалалық жоғары медициналық колледжі және политехникалық колледжінде «Дәстүрлі ислам діні және қазақтың ұлттық мәдениеті» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырды. 

Шараға ҚМДБ Талдықорған өңірі орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Өкен Шынарбек және Нұр» мешітінің имамы Асқанбаев Мирас пен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының инспекторлары қатысты.

«Мақсатымыз жастардың бойына ұлттық рухты сіңдіре отырып, діни сенім мен халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасының байлығын меңгеру барысында, патриоттық сезімін, отанға деген сүйіспеншілігін одан ары арттыру»,- дейді мамандар.

Кездесу барысында Заман ағымына сай келелі тақырып төңірегінде баяндамалар жасалып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру