Кеше Маңғыстау облысына қарасты мешіт имамдары облыстық орталық мешітте бас қосты.
Өкіл имам Смайыл Сейтбековтың ұйымдастыруымен өткен жиналыста Діни басқарма тарапынан берілген біршама істер пысықталды. «Ислам және отбасы» жылы аясында жоспарға сай атқарылған шаралар қортындыланып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, өкіл имам Астана қаласында 2015 жылдың 19-ақпанында қабылданған төрт құжаттың мәні мен маңызына тоқталып, онда көрсетілген әр бөлімнің имамдар үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, белсенді қызмет атқарып жүрген имамдардың жұмысына да тоқталды. Имамдар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
20.09.2018
3203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру