Мысыр елінің үрдісі бойынша жоғары мектепті ең үздік біріген түлектерін мемлекет жыл сайын әлем елдеріне тегін саяхат жасатады. Осы үрдіс бойынша биыл Қазақстанға 15 студент арнайы келді. Қазақстандағы Мысыр Араб рсепубликасы елшілігінің Мысыр мәдени орталығының директоры, атташе, доктор Хамдан Ибраһимнің айтуынша 56 жыл ішінде мысырлық жоғары мектептің үздік түлектері Шығыс елдеріне алғаш рет келген:
Он күнге жоспарланған үздік түлектер сапарын мысырлық мемлекеттік «әл-Жумһурия» басылымы демеушілік жасайды екен. Сондықтан делегаттар тобында 12 газет тілшілері тағы бар.
Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев келген қонақтарды университет тарихы, тыныс-тіршілігімен таныстырды. Делегаттарды әлемге әйгілі әл-Азһар университетімен әріптес жоғары оқу орнының алыстағы шығыс елдерінде, Орта Азияда бой көтеруі ерекше елең еткізді.
Проректор Қайрат Құрманбаев сұрақтарға жауап бере отырып, оқу бағдарламасы, студенттердің білім алу ерекшеліктеріне қатысты түсйткілдердің барлығын жіті түсіндірді. Бұл мысырлық қонақтарды ерекше қызықтыра түсті. Кездесу соңында барлығы естелік суреттерге түсіп, ізгі лебіздерін жаудырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
18.09.2018
3297
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру