ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 17.08.2018 жылғы №1820 бұйрығымен БҚО, Бөкей-Орда аудандық орталық мешітінің бас имамы болып Насыров Қуандық тағайындалды.
Өткен жұмада Бөкей-Орда ауданына арнайы іс-сапармен "Тәжиден Батырұлы" атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов барып, аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы қатысуымен өткен отырыста жаңа имам Қуандық Берікұлын таныстырып, өңірдегі діни ахуал тұрақтылығын сақтап, жандандыру жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Кездесуден кейін қасиетті жұмада Мейрамбек Ақылбекұлы «Исламдағы туыстық қарым-қатынас» жайында уағыз айтып, жаңа имам Қуандық Берікұлын келген жамағатқа таныстырып, ауданның бас имам қызметін абыроймен атқарған Назымбек Ерденбекұлының иығына шапан жауып, елдің ақсақалдары ақбатасын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
18.09.2018
3626
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру