Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 17.09.2018 3105 0 пікір
Қызылорда: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторы мен "Шын жүректен" еріктілер тобының бірлесуімен облыс көлемінде футболдан кезекті қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды.

Бұдан бұрын өткізілген қайырымдылық турнирінен түскен қаражат ДЦП дертіне шалдыққан Нұрсұлтан балақайға табысталып, еміне жұмсалған еді. Бұл жолы да аталмыш турнир балақайдың  2-курс еміне қаржылай көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Қайырымдылық жарысына жалпы саны 11 команда қатысты. Жарыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан алғыс ретінде жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар табысталды.

Қайырымдылықтан түскен 150 000 теңге Нұрсұлтанның емі үшін көпшілік алдында ата-анасына табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру