Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Хоспис» мекемесіне қамқорлық (ФОТО)

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 13.09.2018 3915 0 пікір
ШҚО: «Хоспис» мекемесіне қамқорлық (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Таврия мекеніндегі «Хоспис» қарттар үйіне облыстық «Халифа Алтай» мешіті үнемі қайырымдылық көмегін жасап келеді.

Бұл жолы «Хоспис» мекемесіне облыстық мешіттен азық-түлік, киім-кешек және көрпе-жастық секілді тұрмысқа қажетті заттар жеткізілді. Имамдар ондағы қарияладың көңілін сұрап, хал-жағдайларымен танысты.

«Облыстық мешіттен «Хоспис» мекемесіне жыл бойы мүмкіндігінше көмек жасап тұрамыз. Дінімізде көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру сауапты іс болып саналады»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.

Мекеме басшылығы облыстық мешіт қызметкерлеріне осындай игі көмегі үшін алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру