Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе шәкірттері арасында теңбіл доптан жарыс өтті

ummet.kz 11.09.2018 4194 0 пікір
Медресе шәкірттері арасында теңбіл доптан жарыс өтті

Медресе шәкірттері арасында теңбіл доптан жарыс өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Салауатты өмір салтын ұстану - әрбір мұсылманның өмір салтында болуға тиісті құндылық. Ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) бұл тақырыпқа қатысты өсиеттері мен өнегелері жетерлік. Сонымен бірге ұлт болмысында бар арда қасиет. Осы алтын арқауды жалғастырып, шәкірттерді сауатты да, салауатты маман ретінде баулу медресенің мұраты.

«Астана» медресе-колледжінің шәкірттері арасында өткен аталмыш іс-шара Астана қаласының 20 жылдығы мен Құрбан айт мерекесіне орай өткізілді. Аталған мерекелі күндері медресе шәкірттері жаздық демалыста болғандықтан, жаңа оқу маусымының алғашқы демалысы, жылдағы дәстүр бойынша мерекелік теңбіл доп сайысына арналды.

Жарыс барысында медреседегі әр группа ұстаздарымен қосылып, бір команда құрады. Осылайша, 10 команда жарыс алаңына шықты.  

Жеңімпаз командарларға арнайы кубок, ойыншыларына медаль мен ақшалай сыйақы тапсырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру