Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА: «ӘЙЕЛДЕР-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫ ҰСТАЗДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі http://mubin.kz 10.09.2018 3558 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДА: «ӘЙЕЛДЕР-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫ ҰСТАЗДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздарына сертификат табысталды.

Шілде, тамыз айларында ҚМДБ-ныың Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторы ұстаздарының білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыру мақсатында әдістемелік курс өткізілген еді.

Курс қатысушыларына қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітінің Бас имамы Б.Арынов «Ақида», облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы «Құран жаттау» орталығының ұстазы М.Әбжәлелов «Құран», Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова «Сабақ берудің әдістемесі» пәндері бойынша сабақ беріп, қыр-сырымен бөлісті.

Әдістемелік курстың қорытынды сабағында Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы ұстаздарға сертификат табыстап, болашақта білікті кадр дайындау үшін осы типтес түрлі оқу-семинарлар ұйымдастыру жоспарда бар екенін жеткізді.

Екі айға созылған курста өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдірген ұстаздар аталмыш курстың қызметтеріне тигізер пайдасы мол екенін жеткізіп, Өкіл имамға алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру