Республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры Орал қаласындағы тұрмыстық жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұтаж отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады.
Орал қаласындағы орталық мешіттегі жұма намазының алдында болған бұл шара барысында сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов: «Осынау сауапты іске батысқазақстандықтардың қосқан үлесі бар. Яғни жерлестеріміз садақа беру арқылы көмекке мұқтаж жанұяның баспаналы болуына мүмкіндік жасады»,- деді.
Құрылғанына бір жыл енді болатын «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері Құлбековтер отбасына пәтердің кілтін табыс етіп, таяуда ғана дүниеге келген нәрестелерінің атын өкіл имам азан шақырып Темірлан деп қойды.
«Сабақты ине сәтімен» демекші, сәбиге Ақсай мешітінің қызметкерлері мен жамағаты бесік тарту етсе, Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінен балаға арналған арба сыйға берілді. «Назар аудар» жайдарман тобы және өзге де қайырымды жандар бұл отбасына шаңсорғыш және үй шаруасына қажетті өзге заттарды ұсынды.
«Әр қазақ менің жалғызым» деген ұстанымы бар қорымыздың мақсаты – халықтың демеуімен мұқтаж жандарға, яғни жетім-жесірге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы, жалғыз басты аналар сынды адамдарға үй немесе жер телімін алып беру, үй салуына көмектесу. Қорымыз бұл істі «1000 теңге – баспанаға!» деген айдары аясында өткізуде. Егер еліміздің әр азаматы қор шотына немесе кісі көп жиналатын жерлерде орналасқан (Орал қаласында 20 жерге қойылған) арнайы жәшіктерімізге ай сай сайын 1000 теңгеден салып тұрса, осындай баспана беруге мүмкіндік туады. Жиналған қаражатқа міндетті түрде есеп беріліп тұрады»,-дейді қордың БҚО бойынша өкілдігінің қызметкері Теміржан Меңдешев.
Қорға қолдау білдіріп, сауапты істерге атсалысуға ниетті жандар үшін қордың есепшоты:
Каспий депозит: ИИН 720208401907
Каспий голд: 5169 4931 1417 0866
Каспий кошелек: 08.02.1972 87765002029
Киви кошелек: 87765002029
Халық банкі: 5354 5100 0423 7615
ИИН 720922403102
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
10.09.2018
4795
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру