Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде имамдар жиналысы өтті (ФОТО)

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 07.09.2018 3231 0 пікір
Өскеменде имамдар жиналысы өтті (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірдің аудандық, қалалық мешіт имамдарының кезекті айлық жиналысы Шығыс Қазақтан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Жиында өткен айлардағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланды.

Басқосуда ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:

«Қазіргі таңда әрбір имам өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарауы дұрыс. Біздің халық алдындағы парызымыз – міндетімізді орындап, ел игілігі үшін адал қызмет ету»,- дей келе аудан имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Мәжілісте имамдар сөз алып, бірқатар мәселелер турасында өз ұсыныстарын білдірді.

Жиналыста ҚМДБ басылымдарына жазылу, 2018-«Ислам және отбасы» жылына орай семинар өткізу мәселесі талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру