Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 07.09.2018 3680 0 пікір
АЛМАТЫ: НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, Алматы қаласы Наурызбай ауданы Әбу Бәкір мешітінде Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының қатысуымен кезекті көшпелі жиналыс болып өтті. Бұл басқосуға Наурызбай ауданы мешіттерің бас имамдары, наиб имамдары, іс жүргізушілері және азаншылары қатысты.

Жиналыста үстіміздегі жылда ҚМДБ және Алматы Орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысына талдау жасалып, дін қызметкері мен жамағаттың арақатынасы, мешіттің тыныс-тіршілігі мен ішкі-сыртқы тәртіптері сынды мәселелер талқыланды.

Бас имам:

«Құрметті дін қызметкерлері, ағымдағы жылы Алматы қаласы мешіттері жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, қасиетті Рамазан айы мен Құрбан айт мерекесін ойдағыдай жақсы өткіздік. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің тапсырмасының негізінде, Алматы қаласы бойынша, жалпы есепте, әлеуметтік аз қамтылған 8954 отбасыға және қарттар үйі, жетімдер үйі, зағиптар одағы сынды 34 мекемеге 45 тонна ет үлестірілді. Сонымен қатар, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Алматы Орталық мешітінде 1300 балаға сыйлық жасалды. Бұл, әрине, біздің бір жағадан қол, бір жеңнен бас шығарған ынтымақ пен бірлігіміздің арқасы деп білемін», – деді.

Жиында Наурызбай ауданы, Әбу Бәкір мешітің бас имамы Ахметов Мади, Қарағайлы мешітінің наиб имамы Серік Мағаз, Орталық мешіттің бас ұстазы Талғат Сапанов сөз алып аудан мешіттерінің атқарған жұмыстарын сараптап өтті.  Бас имам аудан мешіттерінің жұмысына оң баға беріп, кейбір олқылықтар мен кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін айтты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру