Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда жаңа бастама қолға алынды

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 06.09.2018 2969 0 пікір
Қостанайда жаңа бастама қолға алынды

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешіті ашылғалы бері халыққа, жастарға түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.

Апта сайын өтетін жұма намазында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы бекіткен «Жұма уағызы» тапсырмасымен нақты уағыздар жүргізілуде. Әсіресе Ислам дінінде ішімдікке тиым салынғаны жайлы ескертулер аз айтылып жүрген жоқ.         

Осы мәселені күн тәртібіне енгізген мешіт қызметкерлері Қарабалық аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, ішімдікке салынған азаматтар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алды.

Ащы суға салынған аудандағы бес отбасының үйлерін аралап,  ішімдіктің зияны жөнінде жан-жақты баяндады. Бұл бастама алдағы уақытта өзінің оң нәтижесін береді деген ойдамыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру