Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыс Қазақстан: Аягөз қаласындағы Құран жарысы

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 04.09.2018 3477 0 пікір
Шығыс Қазақстан: Аягөз қаласындағы Құран жарысы

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті. Құран жарысына 40 – тан астам шәкірт қатысты. Бас имам Думан Нәдірұлы жарыстың тәртібімен ережелерін түсіндіріп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Жарысқа Серікболұлы Тұрар, Барлықбайұлы Айдын, Серікбайұлы Данияр есімді азаматтар демеушілік жасады. Әділқазылар шешімімен Мәулітханов Алмас, Мейрамбек Ислам, Думанқызы Надира, Шалқарова Гүлдана, Шалқарова Аяна жүлделі орындарға ие болып, велосипедтер табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру