Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІСТАН: «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы аясында 3250 оқушыға көмек берілді

ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 04.09.2018 3493 0 пікір
ТҮРКІСТАН: «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы аясында 3250 оқушыға көмек берілді

Түркістан қаласы Мәдениет үйінде Түркістан облысы бойынша өкілдігі мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бірлесе отырып жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі»  атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Шара барысында ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы сөз алып, Бас мүфтидің ыстық ықыласын жеткізіп, сауапты іске мұрындық болған барша азаматтарға, мешіт имамдарына шынайы алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Қайырымдылық акциясына облыстық білім басқармасының өкілдері т.б. азаматтар қатысты.

Айтулы шарада 200 оқушыға мектеп сөмкесі, киім-кешек секілді қажетті құралдар табыс етілді.

Жалпы, «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі»  қайырымдылық акциясының қорытындысы бойынша  Түркістан облысы бойынша 3250 (үш мың екі жүз елу) оқушыға көмек берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру