Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе медресесіне 26 студент оқуға қабылданды

Ақтөбе медресе колледжінің баспасөз қызметі 31.08.2018 3191 1 пікір
Ақтөбе медресесіне 26 студент оқуға қабылданды

Ақтөбе медресе колледжінде жаңа 2018-2019 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті.

Талапкерлер фиқһ, ақида, Құран, қазақ тілі және қазақстан тарихы пәндері бойынша сынақ тапсырып, оған қоса сұхбаттасудан өтті. Сынақты ҚМДБ-ның діни білім және кадрлар даярлау бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев, Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан, медресе директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков қабылдады.

Талапкерлердің сынақ жұмыстары сарапталып, балдары есептелді. Нәтижесінде жақсы көрсеткіш көрсеткен 26 студент оқуға қабылданды. Оның екеуі – Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері. Одан өзге Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарынан келген талапкерлер де бар.

Айта кетейік, өткен жылы мемлекет тарапынан 25 орынға грант бөлінген болатын.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Саулен Айторе | 03.09.2018 11:55

ӘЛХАМДУЛИЛЛӘҺ! АЛЛАҺ ТАҒАЛА Разы болсын! Талаптары, ниеттері оң болсын! Керемет! Жаным жай тауып қуанғаным : Жетім балалар Үйнен екі Азаматымыздың - шәкірт болып қабылдануы...!!! АЛЛАҺ ТАҒАЛА Жар болсын! Әмин!