Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР КӨПШІЛІККЕ ӨНЕГЕ БОЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 31.08.2018 3181 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР КӨПШІЛІККЕ ӨНЕГЕ БОЛДЫ

Кеше «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне ақ некелерін қидырғалы келген жас жұбайлар «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын өткізіп, жалпы республикалық акцияға өз үлестерін қосты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы жанынан құрылған «Шын жүректен» еріктілер тобы мұрындық болуымен өткізілген шарада 16 бүлдіршінге қажетті оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталған мектеп сөмкелері таратылды.

Отбасылық өмірге басқан алғашқы қадамдарын балақайларға қуаныш сыйлап, сауап жинаудан бастауға ниеттенген Нұрболат пен Ақмаралға ақжаулықты қарт анамыз ақ батасын беріп, шаңырақтары биік, ақ некелері берік, берекелі болуын тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру