Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Орал қалалық Тәжиден Батырұлы атындағы мешітінің баспасөз қызметі 30.08.2018 3250 0 пікір
Оралда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов  жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жаңа оқу жылы қарсаңында  «Мектепке жол»  атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Шарада сөз алған Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын білдіріп, жетістіктер тілеп, оқушыларымызға оқуда озат болуға шақырып, ақтілегін білдірді.

2017 жылы 20 балаға көмек көрсетілсе, ал биылғы жылы 100 балаға көмек көрсетіліп отыр. Қайырымдылық игі шарамыз шаһарымыздағы «Шаңырақ» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім балалар және көп балалы отбасыларды қамтыған. 100 балаға жеке мектеп сөмкелері, оқу құралдары табысталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру