Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда "Мектепке жол" акциясы өтті (ФОТО)

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. islam-atyrau.kz 29.08.2018 3980 0 пікір
Атырауда "Мектепке жол" акциясы өтті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілілдігі 200 жуық балаға оқу құралдарын табыс етті.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында өткен шара кезінде бүлдіршіндерге сөмке толы оқу құралдарымен бірге, Құрбан айт құрметіне тәттілерден дайындалған пакеттер де таратылды. Негізінен аз қамтылған, көп балалы, яғни, әлеуметтік жағдайы қолдауды қажет ететін отбасы балаларын қамтыған акция кезінде мектеп оқушыларына сыйлықты Атырау облысының бас имамы Батыржан Берденұлының өзі арнайы тапсырды.

«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген тамаша тәмсіл бар. Бала – еліміздің болашағы. Олар сәби кезінен ізгілікті, жанашырлық, қамқорлықты сезініп өсуі тиіс. Және ислам дінінде балаларға мейірім таныту, махаббатын арнау –сәбидің жеке тұлға ретінде қалыптасуына, тәрбиесіне,  ықпал ететіндігі ерекше айтылады» дейді өкіл имам Батыржан Мансұров.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру