Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен еліміздің жер-жерінде «Мектепке жол» қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Осындай игі шара Орал облыстық орталық мешітінде болып өтті.
Қайырымдылық шарасы Орал облыстық орталық мешіті мен «Камал-Ойл» ЖШС-нің бас директоры, атымтай жомарт, иманды азамат Абай Камаловпен бірлесіп, мешіт тізімінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж жанұялардың 200 балаға мектеп сөмкесі, оқу құрал-жабдықтары, сондай-ақ, балаларға арналған тәттілер дайындап, оларға мешіт ішінде арнайы табыстады.
«Жылдағы үрдіске айналған игі шарада сөз алған облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов «Ата-ана», «Білім» жайында уағыз айтып, көпшілік жүрегіне жеткізіп, мектепке бара жатқан шәкірттерге талмай ілім іздеп, еліміздің білімді, жанашыр, иманды азаматтары болып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Атымтай жомарт Абай Камаловқа шексіз ризашылығын білдіріп, еңбегіне толағай табыс тіледі.
«Игі шараға арнайы шақырылған «Камал-Ойл» ЖШС-нің бас директоры, атымтай жомарт, иманды азамат Абай Камалов сөз алып, жиналған ата-аналар мен оқушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, биылғы оқу жылы мұсылмандардың қасиетті мерекесімен сәйкес келіп, оқуда озат болып, ата-ананың сүйкімді білімді ұл-қызы, Алланың сүйікті құлы болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды.
Бұл акция игі дәстүрге айналған. Өткен жылы да жүз жуық балаға арнайы мектеп формасы мен сөмке үлестірген едік. Әр оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-ның мешіттері тарапынан атқарылатын дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы биыл да өз жалғасын табуда. Биыл да бұл игі шара кеңінен жалғасын тауып, Батыс Қазақстан облысындағы барлық қала, аудан, ауыл мешіттері өз үлестерін молынан қосып келеді. Мұндай ізгілік шаралар облыстың барлық аудан орталықтарындағы мешіттерде де қолға алынып отыр.
Келген ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп: «Әрбір істеген игі амалдарыңыз сауапқа толы болғай», — деп ақ тілектерін жаудырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
29.08.2018
3932
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру