Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі шәкірттер қабылдады

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 27.08.2018 3938 1 пікір
«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі шәкірттер қабылдады

Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне 2018-2019 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы жүргізіліп аяқталды. Аталмыш колледжге оқуға түсуге биылғы жылы барлығы 15  талапкер өтініш беріп, құжаттарын тапсырған. Олардың 10-ы Павлодар облысынан, 2-і  Қарағанды облысынан, 1-і Солтүстік Қазақстан облысынан,1-і Шығыс Қазақстан облысынан, 1-і Ақмола облысынан.

Осы дүйсембі күні  ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Аманқұлов Хасан, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Елбек Қожамұратов, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры Серікбол Аршабаев,  «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің ұстазы Е.Шырынхандардың қатысуымен өткен қабылдау комиссиясы үміткерлерді  тест жүйесі бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндері сондай-ақ аранай  пәндерден үміткерлер арасына  сұхбат емтиханнан   өткізді. Емтихан нәтижесі бойынша үміткерлер түгелдей медресе-колледжіне оқуға қабылданды.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Бақытжан Исмайлов | 28.08.2018 01:42

шәкірт аз екен, әлде колледж кішкентай ма?