Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: «Мектепке жол» акциясына әжелер де атсалысуда (ФОТО)

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ mazhab.kz 27.08.2018 3182 0 пікір
Павлодар: «Мектепке жол» акциясына әжелер де атсалысуда (ФОТО)

Биылғы жаңа оқу жылы басталар алдында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жамағаты, қажы апаларымыз Елеукенова Бақытжамал Тұманқызы мен Байзелдинова Рысты Зекенқызы өз қаражатымен мұқтаж болған 10 отбасының 10 баласына толық оқу құралдары қамтылған сөмке табыс етті.

«Бұл апалар әрдайым осындай көмектер жасап келеді. Соңғы 3 жылдан бері бұл қажы апаларымыз қаншама рет азық-түлік, киім-кешек және ақшалай жәрдем бергенін тізіп айтудың өзі мүмкін емес»,-дейді аталмыш мешіттің қызметшісі Назым Ғизатқызы.
«Ақиқатында әрбір адамның парызы иманды болу, әрбір иманды мұсылманның міндеті басқаларға жәрдем жасау.  «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- деген сөзді барша мұсылмандарға айтқымыз келеді»,-дейді қажы апаларымыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру