Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада жаңа мешіт ашылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 23.08.2018 3708 0 пікір
Қызылордада жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Досбол би ауылында жаңа құлшылық үйі бой көтеріп, қасиетті мерекеде ауыл тұрғындарына арналған ерекше сый-тарту болды.

Жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының жинаған қаражатына салынған жаңа мешітке «Досбол Датқа» атауы берілді. Мешіт сыйымдылығына келер болсақ, құлшылық үйі 150 шақты адамға  арналған.

Ашылу салтанатында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы, қари Ш.Садуов Құран Кәрім аяттарын оқыған соң, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз алып, аймақ халқын мерейлі мереке күнінде еселенген қуаныштарымен құттықтады.

Ел игілігіне берілген мешіт халыққа қызметін бастап кетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру