Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

akorda.kz 23.08.2018 3861 0 пікір
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.

Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.

Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.

Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!

Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын!

Айт қабыл болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру