Семей қаласының Қос мұнаралы орталық мешітінде Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне арнайы іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты қасиетті мерекені ұлықтау халыққа кең насихаттау.
Кешке арнайы көп балалы мұқтаж отбасылар мен ата-анасыз қалған балалар шақырылды. Қонақтар мен шәкірттерге уағыз айтылды. Мешіт ауласында балаларға спорттық ойындар ұйымдастырылып,сыйлықтар таратылды.
Құран Кәрімнің 30-шы парасы бойынша шәкірттер арасында жарыс өтті. Кеш соңында көп балалы мұқтаж отбасыларға мектепке қажет құралдар мен киімдер сыйлыққа табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
21.08.2018
2807
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру