Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сәтбаевта мұсылманның ұлық мерекесі тойланды

Б.Балқыбайұлы мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2018 3371 1 пікір
Сәтбаевта мұсылманның ұлық мерекесі  тойланды

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында Құрбан айт мерекесі жыл сайын бұқаралық сипатта, халықтың белсенді атсалысуымен аталып өткізіліп келеді.

Барлық мұсылман қауым асыға күтетін осы бір қасиетті күні Сәтбаев қаласының жамағаты таңғы сағат 07.00-ден ертен Б.Балқыбайұлы және С.Ошақұлы мешіттерінде кеңінен жиналды. Қала жамағатына деген құттықтауын Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.Н.Нарботаев жеткізді.

Айт намазы оқылған соң құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандық шалу үшін арнайы бекітілген орындарға кетті. Сонымен қатар, Сәтбаев қаласының Дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен спорттық сайыстар өткізілді.  

Сайыстың барлық жүлдегерлеріне сыйлықтар табысталды.

Мейрам аясында аз қамтылған отбасыларға 200 келіден астам ет таратылды.

Сонымен қатар, Республикалық «Мектепке жол» акция аясында сәтбаевтық 30 балаға мектепке қажетті заттар алынып, табысталатын болады.

 

 

 

 

 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Сәтбаев дін орталығы | 22.08.2018 09:02

Аталған іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Сәтбаев қаласының спорт бөліміне зор алғысымызды білдіреміз. Қой көтеру сайысының басты сыйы болған қой Б.Балқыбайұлы атындағы Орталық мешіттің бас имамы Қондыбай қажы Акпаровтың атынан тігілген.