Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде Құрбан айт намазы оқылып, мерекелік шаралар өтті (ФОТО)

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2018 3040 0 пікір
Семейде Құрбан айт намазы оқылып, мерекелік шаралар өтті (ФОТО)

Семей қаласындағы «Қос мұнаралы» орталық мешітінде Құрбан айт намазын оқуға келген халықтың көптігі соншалық ине шаншар орын табылмады.  Қос мұнаралы орталық мешітінің бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтауын жеткізді. «Ұлық мереке - Құрбан айт»  тақырыбында құрбан жайлы кеңінен мағлұмат беріп өтті. Құрбан айт намазы оқылып,  құран бағышталды. Құрбан айт намазынан кейін құрбандыққа мал шалынды.

Мешіт ауласында арнайы балалар ойнауға  арналған батут құрылды, және  ұлттық спорт ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды. Өкіл имам барша қатысушыларға құрметпен алғыс білдіріп, дүбірлі додада көптің арасынан  суырылып шыққан жеңімпаздарға арқан тарту ойыны бойынша бірінші орынға 15 000 теңге, гір тасын көтеру, қол күресі,  асық ойнау, ләңгі тебу ойыны бойынша бірінші орын алғандарға 10 000 – 5000  теңге ақшалай жүлделер табыс етілді. 

Жарыс соңынан «Құрбан айт қабыл болсын» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараға қаламыздың 300 дей кемтар, мүгедек, көп балалы отбасы төмен жанұяларға құрбандыққа шалынған малдың еттері мен азық түлік таратылып берілді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру