Алланың үйіне бас сұққан өзге дін өкілдерін Бас имам Еркінбек қари Керімбекұлы және мешіт имамдары жылы жүзбен қарсы алып, мешітті таныстырды. Олар да өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарға қанықты.
Содан қонақтар мешіт ауласындағы киіз үйде мерекелік дастарханнан дәм татты. Олар тіл үйірер ұлттық тағамдарымызға тамсанып, мұсылман қазақтың қонақжайлығына қайран қалды.
Түрлі дін өкілдерінің осылай бір шаңырақ астына жиналып, бас қосулары еліміздегі әртүрлі дін және ұлт өкілдерінің ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатқанының дәлелі деуге болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
21.08.2018
2909
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру