Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Айт намазынан кейінгі қасапшылар сайысы

muftyat.kz 21.08.2018 2938 0 пікір
Талдықорған: Айт намазынан кейінгі қасапшылар сайысы

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі саналатын Құрбан айтта келіп, қуантты. Адамзат баласын татулыққа үндеп, жақсылықтың жаршысы болған қасиетті мейрамды Жетісу жұртшылығы да атап өтті. Құрбан айт мерекесі Айт намазын оқумен басталды.

Өңірдің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Жетісу жұртшылығын құттықтап елімізге амандық тіледі. Таңның атысы жаңбырлы басталғанымен мешітке келген жамағаттың саны өте көп болды.

Арнайы жоспарланған шаралар да басталып етті. Құрбан айт күндерінің негізгі рәсімі құрбан шалу болса, оны іске асыратын қасапшылар болып табылады.

Осы орайда қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай ұйымдастырылған сайыс - Қасапшылар жарысы. Қасапшылар сайысына арнайы талаптар қойылып, құрал-сайманын сақадай дайын ұстаған үміткерлер қатысты. Қасапшыларға қойылған талап бойынша мал союдағы тазалық, мал союдағы жылдамдық, жілігін жіктеп, етті бөлу т.б. қырынан танылған 3 қасапшы жүлделі орыннан көрініп, сертификат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құрбандыққа шалынған малдың еттері қайырымдылық мекемелеріне, соқырлар қауымдастығына, балалар үйіне, міскін-зағип жандарға, көпбалалы отбасыларға, кедей-мұқтаж жандарға үлестіріледі. 

Аллам игі істерімізді ұзағынан сүйіндірсін! Құрбан айт қабыл болсын! 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру