Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Мейірімділік мерекесі тойлануда (ФОТО)

 «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2018 3477 0 пікір
Павлодар: Мейірімділік мерекесі тойлануда (ФОТО)

Айт намазы Павлодар облысы бойынша барлық мешіттерде таңғы сағат 07.00 –де оқылды. Құрбан Айт мерекесінің алғашқы күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, хош иіс себініп, күннің жаңбырлы болуына қарамастан мешітке барып, имамдардың уағызын тыңдап, жамағатпен қатар сапқа тұрып, айт намазын оқыған Павлодарлық мұсылман қауымы келесі кезекте қала шетіндегі «Құлагер» атшабары маңына арнайы жасалған Құрбан шалатын орынға ағылып жатты. Ондағы құрбан шалуға қажетті барлық дайындықтар толық жасалып, реттелген арнайы орында  Алла разылығы үшін құрбан шала бастады.

Айт мерекесінің алғашқы күні  облыстық «Ертіс» телеарнасы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өткен айт намазы, уағыз-насихат, мешіт имамдары мен жамағаттың мерекелік көңіл-күйі туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы тікелей эфирде хабар жүргізді.Сондай-ақ Құрбан Айт мерекесі басталардан бір күн бұрын облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлымен қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлы облыстық «Ертіс» телеранасы арқылы «Құрбан Айт-игілік пен мейірімділік мерекесі» тақырыбында арнайы сұхбат берді. Сұхбатта имамдар құрбан шалудың үкімдері мен дәлелдері, құрбан шалудың тәртіптері, құрбандықты өкілдік беріп шалдыру мәселесі, қайыр-садақа, шектік беру мәселесі т.б көптеген сауалдарға тоқталып, көрермендерден қойылған сұрақтарға кең көлемде жауап берген еді.

Сонымен қатар, Құрбан Айт мерекесінің алғашқы күні күндіз сағат 14.00-18.00 аралығында қалалық саябақ алаңына қала халқы мен балалар, жастарға арналып арнайы бағдарлама бойынша  мәдени- рухани- спорттық шаралар ұйымдастырылды. Шараға қала халқы мол жиналып Құран жарысы, көңілді старт, гир көтеру, қол күресі, арқан тарту, қазақ күресі, сұрақ-жауап, иләһи өлең-жырлар оқылды. Балаларға арналған түрлі аттракциондар жеңілдікпен қызмет көрсетті. Сағат түскі 16.00 шамасында мерекелік ас-дастархан жайылып, жиналған халық түгелдей  25 қазан палау, нан-бауырсақ, тәтті-кәмпит, сусындардан дәм татты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру