Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай және өкіл имам Төлеби Оспан қатысты.
Шара аясында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар қамтылды. Барлығы 250 мектеп оқушысына оқу құралдары мен сөмке, сондай-ақ, қаржылай көмек берілді. Соның ішінде, 100 оқушыға «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры атынан берілді. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, балаларға оқуда озат, үлгілі болыңдар деген тілегін жеткізді.
Аталмыш акция қалалық мешіттерінде де жалғасын тапты. Соның ішінде, қалалық орталық мешітте 100 оқушыға көмек берілді. Оқу портфельдері мен құрал-жабдықтар табыс етілді. "Қабақ баба" мешітінде дәл осындай көмек 10 балаға үлестірілді. Ал ҚМДБ-ның жастар ісі секторының қалалық орталық мешіттегі жауапты өкілінің ұйымдастыруымен, тағы да 20 оқушы жаңа оқу жылына әзірленді.
Жалпы ағымдағы оқу жылында облыс мешіттерінде 600-ден астам балаға жәрдем берілмек.

























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
21.08.2018
3030
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру