Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбылда «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық акциясы 580 оқушыға қуаныш сыйлады (ФОТО)

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі asyldin.kz 21.08.2018 4182 0 пікір
Жамбылда «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық акциясы 580 оқушыға қуаныш сыйлады (ФОТО)

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бірлесе отырып  жаңа оқу жылы қарсаңында  «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қуаныш сыйлап, білім іздеген бүлдіршіндерге көмек көрсетті.

Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде өткен іс-шара аясында облысқа қарасты аудандардан 470 оқушыға, Тараз қаласынан 110 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке мен киім-кешектер таратылды.

Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр Әлимұхамедұлы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы, Дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Есмахан қатысып, оқушылар мен ата-аналардың қуанышына куә болды.

Игі шараның шымылдығын ашқан облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы асыл дініміздегі оқу-білімнің орны жайлы айта келе, жас бүлдіршіндерді оқуда озат болуға шақырды.

Көмек алған барлық оқушылардың ата-аналары шараны ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру